САРЫАҒАШ: Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№69 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың қараша айының 03 жұлдызында мектептің 5-сыныптарының арасында футбол ойынынан мектепшілік «Футбол» жарысы өтті

-Жарыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Білім, білік дағдыларын кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

-Жарысты мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әбдіәкім Нұрғазы ағай басқарды. Жарысқа қатысушыларды мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері сапқа тұрғызып, жарыстың тәртібі мен ойын ережелерін түсіндірді. Жарыс әрі қызық, өте тартымды өтті. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықпен, белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: І орын – 5 «Б» сыныбы, ал ІІ орын – 5 «В» сыныбы және ІІІ орын – 5 «Г» сыныбы иеленді. Сондай – ақ «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары берілді. Жарысқа қатысушыларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айпенов Жеңісбек ағай құттықтау тілегін айтып, алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларды марапаттады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.