САРЫАҒАШ: «Ясауитану» байқауының жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысты

Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 9 қыркүйекте өткен аудандық «Ясауитану» байқауының жеңімпаздары №7 Төле би атындағы жом 8 сынып оқушысы Рысбекова Аруна мен Қ.А.Ясауи атындағы жом 9 сынып оқушысы Турманова Турсыной 20 қыркүйекте «Ясауитану» байқауының облыстық кезеңіне қатысып қайтты. Дәстүрлі «Ясауитану» байқауына облысымыздың мектептерінен 53 оқушы келіп қатысты. Жақсы дайындықпен келген оқушылар өз білімдерін ортаға салып , жүлделі орындарға ие болды. Ауданымыздың намысын қорғап барған екі оқушымыз да І турда хикметтерді мүдірмей жатқа айтып , екінші кезеңде сұрақтарға толық жауап беру арқылы жеңімпаз атанып, Рысбекова Аруна І орын, Турманова Турсыной ІІІ орынды иеленіп жетекшілерін қуанышқа бөледі. Жетекшілері Жасузакова Ажар мен Қабылова Балқызды құттықтаймыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.