Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әуесқой футбол лигасының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік қызметкерлер арасындағы «Қызмет лига» чемпионатында ұстаздар жүлделі 2-орынды иеленді

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№69 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ер мұғалімдері Сарыағаш ауданы әуесқой футбол лигасының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік қызметкерлер арасындағы «Қызмет лига» чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленді.

Мақсаты:

Салауатты өмір салтын насихаттау;

Мемлекеттік қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту;

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бос уақытын тиімді етіп өткізу;

Аталмыш спорт додасына Сарыағаш ауданының 16 командасы қатысып, жүлделі орындар үшін бақ таластырды. 3 айға созылған спорт сайысында №69 жалпы орта білім беретін мектебінің ер мұғалімдерінен құралған команда 15 ойынның 13-де қарсыластарын тізе бүктіріп, 2 ойында есе жіберді. Еліміздің келешегі жастарымызға саналы біліммен қатар спортта да өзіндік үлгі бола білген білім беру ұйымдарының ұлағатты ұстаздарына үлкен алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.