
2022 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы онкүндік аясында Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында қазақ және орыс тілдерінде «Ахмет Байтурсынов – гордость казахского народа» атты әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған іс-шараға ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері, аудан мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Әдеби кеште Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы, тіліміздің қадір-қасиеті туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалып, көріністер көрсетілді. Кешке қатысқан қонақтар М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларының тілге деген құрметіне, өнеріне, Ахмет Байтұрсыновтай ұлы ақынның өлеңдеріне, әңгімелеріне тәнті болып, көріністер тамашалады. Мектеп оқушылары мен ұстаздарына ерекше алғыстарын білдірді.