САРЫАҒАШ: “Тіл мәртебесі — ел мәртебесі“ тақырыбында онкүндік іс-шаралар өтті

2022 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай “Тіл мәртебесі- ел мәртебесі“ тақырыбында онкүндік іс — шаралар, Сарыағаш адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беретін оқу мекемелерінде өте жоғары деңгейде өткізілді. 16 қыркүйек күні № 64 “А. Байтұрсынов” жоббм базасында, Ахмет Байтұсынұлының -150 жылдығына орай ұйымдастырылған онкүндік іс — шараның жабылу салтанаты болып өтті.

Аталған мерекеге: Сарыағаш ауданының “Құрметті азаматы”, ұлағатты ұстаз, зейнеткер Мырзабаев Сайлау Мырзабайұлы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ төрағасы Тастанбеков Әкімбай мырза , Сарыағаш ауданының адпми әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Камалдин Рахымжан мырза және бірқатар елге танымал ағалары қатысты. Іс-шарамыз Ахмет Байтұсынұлына арнап ашылған мұражаймен басталды. Әрі қарай мерекелік кешке ұласты. Аталған мектептің мұғалімдерінің орындауында, шағын өмірінен алынған көрініс көрсетілді, оқушылардың орындауында үш тілде ақынның өлең жолдарынан жатқа айтылды. Сонымен қатар ауданымыздың жас ақындары Ахмет Байтұрсынұлына арнауларын арнады. Осы ісі — шараның бас қасында жұрген ауданымыздың адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Орманова Гүльжауһарға мектеп басшысы Сейітова Қаламқасқа және ұжымына ұлкен алғыс айтамыз! Ұлт ұстазымыздың рухы жебеп жүрсін… !

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.