Түркістан облысы: Сарыағаш ауданындағы №15 Шәмші Қалдаяқов мектебінде «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №15 Шәмші Қалдаяқов жалпы орта мектебінде «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында жоспарға сәйкес 7-11-ші сынып оқушыларының қыздары арасында тағылымы мен тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды.

Қараша айының кезекті отырысына қонаққа ауылдың әжелер тобының жетекшісі Жылқыбаева Салтанат әжемізді, Аққала апамызды, Ғалия апамызды және әр сыныптан 2 ана және сынып жетекшілер, мектеп психологы Айжан апайлардың қатысуымен қыздарға өз ақыл-кеңестерін айтып, сыр-сұхбат өткізді. Оқушылар да өз ойларын айтып, алған ақыл-кеңестерін өздеріне керектерін саналарына азық етті.

Жиынның мақсаты: мейірімділікке, әдемілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет — кішіге ізет көрсету. Қыздарға мерекелік көңіл- күй сыйлап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау; сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сабырлы болуға, парасаттылық пен білімдарлыққа баулу; халқымыздың салт – дәстүрін, өнегелі нақыл сөздері асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.