САРЫАҒАШ: «Кітапхана – білімнің күн шуағы» тақырыбында аудандық іс-шара болып өтті

2022 жылғы 22 қыркүйек күні Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де оқырмандарымыздың көркем әдебиетке құштарлық құндылығын арттыру, білім беру ұйымдарының кітапханаларына арналған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтарда бекітілген №70, яғни «Мектепке дейінгі орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығының аудан мектептерінде талапқа сай орындалуын басшылыққа алу мақсатында аудандық білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен «Кітапхана – білімнің күн шуағы» тақырыбында аудандық іс-шара болып өтті. Іс-шараны Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Акатов мырза ашып, мектеп кітапханаларын электронды, заманауи етіп жасақтап, оқырмандардың білім алуына жағдай жасау керектігін айтып өтті. Кездесу кітапханамызда өз жалғасын тауып, мектебіміздің жас оқырмандары ақиық ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

Іс-шараға келген қонақтар QR код арқылы оқылатын кітапханамен танысып, оның жабдықталуына тәнті болып, оқушыларымыздың оқыған өлеңдері мен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаларын, мектеп көрмесін тамашалап, көз көрген жақсы дүниелерді өз мектептерінде орнату керек деген ой түйіп қайтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.