САРЫАҒАШ: №60 жалпы орта білім беретін мектебінде химия және биология пәні мұғалімдеріне оқыту семинары өтті

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің химия және биология пәні әдіскері Қатира Кабулова апайдың ұйымдастыруымен 10.11.2022жылы №60 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2022-2023 оқу жылында шыққан бұйрықтары (өзгерістер енгізуі бойынша) оқыту семинары өтті. Ауданның білім беру ұйымдарынан химия және биология пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты: Педагогтердің іс-құжаттарын заңдылықтарға сүйене жүргізу, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын негізге алу арқылы сабақты жоспарлы жүргізуге баулу.

Семинар барысында педагогтардың нормативтік құқықтық құжаттар бойынша білімі дамиды; үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларындағы өзгерістер негізінде жоспар жасайды; ҚМЖ үлгісіне сәйкес толтырылуы жөнінде толық мәлімет алады; Тоқсан соңындағы БЖБ және ТЖБ талдауы жұмыстарын жүргізц кестелерін қолданады.

Жиын соңында ұстаздар семинардан алған әсерлері бойынша кері байланыс жасап, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.