Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз, көп балалы ана, Еркебаева Халида Боранқызы 21.09.2022ж күні Түркістан қаласында өткен Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жалпы байқауға қатысқан 136 отбасы ішінде үздік төрттікке еніп, облыстың қоғамдық даму басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесіміз Халида Боранқызына ұжым атынан өзіміздің шынайы алғысымызды білдіре отырып, өзіне мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!