№61 жалпы орта білім беретін мектеп базасында 23.09.2022ж күні Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің тәжірибелі әдіскері Т. Ералиевтің ұйымдастыруымен «Физика пәнін оқытуда құндылықтарға бағытталған білім берудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар бағдарламасына сәйкес құндылықтарға бағытталған озық әдістемелік әдіс — тәсілдерді қолдана отырып Кемелбекова Сауле, Букенова Бану, Тағаймұратова Гулзада сында озат тәжірибелі ұстаздар ашық сабақтар өтіп, аудан мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қоса мектеп психологы А. Егентаева «Жақсы көңіл күй — жан азығы» тақырыбында арнайы тренинг ұйымдастырды. Семинар қорытындысы бойынша оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бұндай басқосулар жоспарға сәйкес жыл бойы жүргізілетінін баса айтқан бөлім әдіскері Т. Ералиев семинарды жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымы мен сабақ өткен ұстаздарға өзінің шынайы алғысын білдірді.