Жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылдың 23 қыркүйегі күні Сарыағаш қаласындағы №61 жалпы орта білім беретін мектептің базасында «Физика пәнін оқытуда құндылықтарға бағытталған білім берудегі әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында аудандық (аймақтық) семинар болып өтті.
Мақсаты: Пән мұғалімдерімен оқытудың әдіс-тәсілдерін құндылықтарға бағыттау арқылы оқушылардың ізденушілік-шығармашылық қабілеттерін арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Пәндік семинарға Сарыағаш қаласы мен Құркелес ауыл округіне қарасты мектептердің мұғалімдері қатыстырылды.
Семинарда ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шара мен психологиялық тренинг өтілді.
Қорытындысы талданып, кері байланыс берілді.