Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінде 21.09.2022 ж. күні жаңа 2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік ата-аналар комитетінің құрамын жасақтау мақсатында әр сыныптан сайланған комитет төрайымдары мен төрағаларының қатысуымен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Ата-аналар арасында жақсы көңіл күй орнату, кеңес беру мақсатында мектеп психологы А. Култанова «Бала тәрбиесіндегі ата — ананың рөлі» тақырыбында арнайы тренинг ұйымдастырылды. Ақыл кеңестері берілді.
Сонымен қатар жиналыс барысында мектептің ата — аналар комитетінің жаңа құрамы, әкелер мектебі мен аналар мектебінің жаңа құрамы сайланып жасақталды.