
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы конфликт жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде жиі орын алады. Статистикаға қарайтын болсақ, тек осы кезеңде балалар аутодеструктивті әрекетке қадам жасайды. Осы қадамның алдын алу үшін ата-аналармен ағарту шараларын ұйымдастыру маңызды. Ата-анаға баланың өтпелі кезеңіндегі басынан өткеретін қиындықтары туралы, жас дағдарыстары жөнінде түсінік беру біздің міндетіміз.
Түйін: мүмкін болатын өкінішті жағдайлардың алдын алуда аянбай, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу қажеттігі — қазіргі заман талабы.