САРЫАҒАШ: №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебінің базасында«Химия пәнінен медиа технологиялық әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдалану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебінің базасында ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Химия пәнінен медиа технологиялық әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдалану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.

-Семинардың мақсаты: Химия пәні мұғалімдерінің медиа технологиялық білімін дамыта отырып тәжірибе алмасу.

-Семинарға 17 ауданнан әдіскерлер және 80-ге жуық пән мұғалімдері қатысты.

-Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің химия және биология пәндерінің әдіскері Қатира Қабылова аудандардан келген педагогтарға тәжірибелік семинардың мақсатымен, бағдарламамен таныстырды.

-Бағдарлама негізінде алдымен мұғалімдер оқушылармен ашық сабақтар өтті:

-№1 «М.Әуезов» МГ химия пәні мұғалімі Устемиров Қайрат 9-сынып оқушыларымен «Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік»;

-№27 «Шәкәрім» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Абжанова Лаззат 11-сынып оқушыларымен «Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза. Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. №7 практикалық жұмыс: «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»;

-№75 «Төле би» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Құрбанбаева Айгул 8-сынып оқушыларымен «Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 зертханалық тәжірибе».

-Екінші кезеңде педагогтармен тікелей іс-әрекет жасау мақсатында диалог алаңы құрылды:

-«Білім беру саласындағы әдіскер қызметінің ұйымдастырылуы» АӘДБ химия және биология пәндері әдіскері Кабулова Катира аудан әдіскерлерімен дөңгелек үстел өткізді;

-«Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта медиа технология әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында №58 «Ә.Марғұлан» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Сманова Гаухар коучинг өткізді;

-«Білім алушылардың базалық дағдысын білім платформаларымен жұмыс жүргізу арқылы толықтыру» тақырыбында №4 «Ю.Гагарин» ЖОББМ мұғалімі Тюлепова Гулжан Тренинг өткізді;

-«Химия сабағында оқу мақсаттарына сәйкес деңгейлік тапсырмаларды құрастыруда қазіргі ақпараттық оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында №11 «М.П.Окороков» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Алипбаева Нағима шебер сынып өткізді;

-«PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату барысында білім алушыларды интербелсенділікке баулу» тақырыбында №10 «Қ.Сәтпаев» МГ химия пәні мұғалімі Жанабаева Диляра, №74 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Ережепова Сауле шебер сынып өткізді;

-«Химия пәнінен оқушыларды жаңартылған мазмұндағы ҰБТ-ға дайындауда АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында №70 «С.Байғозиев» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Кожабаев Куаныш шебер сынып өткізді.

-Семинар жұмысын қорытындылап, ұсыныстар қабылдау мақсатында Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының химия пәні әдіскері Керимбекова Айгерим Кері байланыс жасады.

Жиын өз дәрежесінде жақсы өтті, шара соңы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Семинарға қатысқан барша ұстаздар қауымына алғысымызды айтамыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.