САРЫАҒАШ «Оқушылардың оқу жетістігін критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігі» тақырыбында аудандық іс-тәжірбие алмасу семинары өтті

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Ғалия Бухарбаеваның ұйымдастыруымен №76 жалпы орта білім беретін мектебі базасында 30.09.2022 жылы «Оқушылардың оқу жетістігін критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігі» тақырыбында аудандық іс-тәжірбие алмасу семинары өткізілді.

Семинар бағдарламаға сәйкес оқушылардың оқу жетістігін критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігінің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бастауыш сынып мұғалімдері, озат ұстаздары ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақта «Ақсақ киік. Киіктің айласы» тақырыбында Қонысова Қансұлу, «2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбында Айтбаева Гүлмира,Сарманова Гүлмира «Сәлем –сөздің анасы» тақырыбында, «Мәтін және оның түрлері» тақырыбында Ниязова Айжамал, «Есепті модельдеу» тақырыбында Ниязова Айсұлу, «Мәтін туралы не білемін?» тақырыбында Абуова Роза сынды ұстаздарымыз сабақтар өтіп, аудан мұғалімдерімен өзара тәжірбие алмасты.

Сонымен қоса бастауыш сынып мұғалімдері Мельдебекова Балхия «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тренинг, «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында Онгласинова Динара интеллектуалдық сайыс өткізді. Мектеп базасының тазалығы талапқа сай, ашық сабақтар өз деңгейінде өткізілді. «Ұстаздарға мың алғыс!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Семинарға келген 60-қа жуық мұғалімдер мектеп көрмесін тамашалап керемет әсерге бөленді.

Семинар қорытындысы бойынша мұндай басқосулар жоспарға сәйкес жыл бойы жүргізілетінін айтқан бөлім әдіскері Ғалия Бұхарбаева семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымына, ашық сабақ өткен ұстаздарға өзінің шынайы алғысын білдіріп, мұғалімдер күнімен тұспа тұс келген семинарды тиімді пайдаланып, барша ұстаздар қауымын мұғалімдер күнімен құттықтап, өзінің шынайы лебізін білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс, еңбектері еленіп, жұмыстарына жеңіс, жеміс, шәкіртерінің биік белестерді бағындырып, білім беру жолында тыңбай еңбек ете берулеріне өз тілегін білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.