САРЫАҒАШ: “IQanat” ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 27.10.2022 жылдың №285 бұйрығына сәйкес ауданымызда “IQanat” олимпиадасы өткізілді. IQanat олимпиадасына ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары қатыстырылды. Сарыағаш ауданы бойынша IQanat.kz сайтына 1203 оқушы тіркеліп, соның ішінде 1159 оқушы бүгінгі олимпиадаға қатысып отыр. “IQanat” олимпиадасы аймақтар бойынша 4 аймақтық мектепте өткізілді.

-№27 “Шәкәрім” атындағы ж.о.м. 397 оқушы қатысты, жауапты Түркістан облысының үйлестірушісі Жарқынбекова Сәуле Ешанкуловна.

-№11 “Окороков” атындағы ж.о.м. 264 оқушы қатысты, жауапты Түркістан облысының үйлестірушісі Усипбаева Балжан Тургинбековна.

-№63 ж.о.м. 216 оқушы қатысты, жауапты Сарыағаш ауданының үйлестірушісі Тұрымова Ғалия Турганбековна.

-№7 “Төле би” атындағы ж.о.м. 282 оқушы қатысты, жауапты үйлестіруші Арипбаев Берік.

“IQanat” олимпиадасы ауыл мектеп оқушыларына арналған үлкен мүмкіндіктер бастамасы. Ауыл балалары үшін жасап жатқан игі істерден көрініс.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.