САРЫАҒАШ:№69 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға арналған курс жалғасуда

Ата-аналарға арналған курс жалғасуда. №69 жалпы орта білім беретін мектебі

Қашан да адамды қоршаған ортада және оның өз бойында үйлесімділік болған жағдайда, ол адам қарым-қатынаста шиеленіске түспейді және оның өмірінде сәтсіздіктер болмайды.

«Мен қандаймын?» – деген сұраққа шынайы жауап беру қиын болды. Себебі, адамдар көп жағдайда бұл туралы ойланбаған немесе мән бермеген, әлде қарбалас тіршіліктен ойлануға уақыт болмаған. Көпшілік «қиын сұрақ екен» дейді. Шын мәнінде, адамның өзі туралы шынайы жауап беруі қиынға соғады… Өзіңіздің қандай екеніңізді мойындасаңыз, өзіңізді реттеуге және дамытуға мүмкіндік туындайды. Ал бұл өте керемет нәрсе! Ата-ана өзін таныған жағдайда ғана өз баласын тани алады. Сәйкесінше, арада түсінік орнайтынына сенімім мол! Қызыл пакет — бұл бізге көрінбейтін, өмір сүруге кедергі жасайтын негативке толы (реніш, ашу, қорқыныш) ішкі қоржынымыз. Сасыған картоп деп аталады. Өзіміз байқамаған жағдайда пакетті сасыған картопқа толтырып алып, тәулігіне 24 сағат осы салмақты, жиіркенішті иісімен сары майдай сақтап, көтеріп жүреміз.

Түйін: біздің санамыз бен жүрегіміз негатив ойлар мен сезімдерден арылған жағдайда ғана өміріміз керемет болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.