САУРАН: 156 ОҚУШЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Мемлекет басшысының мектеп жасындағы оқушылардың толық білім берумен қамтамасыз ету, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы қолға алынды.

«Жақсылықты көп қусаң, бақ-дәулетің молығар» деп аталған акция «Мектепке жол- шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау.

Аталмыш акцияны насихаттап, Сауран ауданының білім бөлімі, Сауран ауданы кәсіподақ комитеті мен жеке кәсіпкерлері ұйымдасып, белсене қатысты. Соның нәтижесінде қайырымдылық акциясынан шет қалмай, 156 оқушыларға қажетті әлеуметтік көмек көрсетті. Осындай көмекке разы болған балалардың бір сәттік қуанышына куә болып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, елдің қорғаны болар үлкен азамат болып өсетіндеріне сенім білдірді.

«Мектепке жол- шекарасыз жақсылық» акциясы әлі де өз жалғасын табуда. «Жақсылық еккен алғыс орады» демекші жаны жайсаң жақсыларымыз көп болсын.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.