Сарыағаш: Кезең-кезеңімен 31 мектеп бой көтереді

Облыстағы әрбір 8-ші бала Сарыағаш ауданында білім алады Сарыағаш ауданында 58 мыңнан аса оқушы бар. Бұл облыстағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Сондықтан болса керек, Сарыағаш ауданының біліміне бөлінетін қаржы да облыс бойынша біріншілердің қатарында. Атап айтқанда, салаға 456 млрд.теңге бөлінген.
2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында ауданда кезең-кезеңімен 31 мектептің құрылысын салу жоспарланған.
2022 жылы ауданда бюджет есебінен 7 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд. теңге қаржы қаралды.ьАғымдағы жылы жоспарға сәйкес 7 мектептің (оның ішінде: бюджет қаржысы есебінен 5 мектеп, жекеменшік 2 мектеп) құрылысын аяқтап, пайдалануға беру бекітілді.
Аудандық білім бөліміндегілердің берген мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде. Тарқатып айтар болсақ, 2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 3 артып (31%), бүгінгі таңда ауданда 10 жекеменшік мектеп жұмыс істеуде. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде. Сонымен қатар, 55,0 млн. теңгеге 4 мектептің (№21 Яссауй жом, №66 Толыбай батыр жом, №60 жом, №29 Ұлықбек жом) жылыту қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, 4 мектептің жылыту қазандықтарын қатты отыннан (көмір) табиғи газға ауыстыруға 55,1 млн. теңге қаржы қаралды. Бұдан басқа, жылыту қазандықтары ғимарат ішінде немесе ғимаратқа жапсарлас орналасқан 5 мектептің (Амангелді ат. №20 жом, Т.Бокин ат. №62 б/м, С.Көбеев ат. №47 б/м, №65 жом, Ш.Уалиханов ат. № 34 жом); жылыту қазандықтарын сыртқа шығару үшін облыстық бюджет есебінен 35,6 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қай кезеңде болмасын балабақша мәселесі, баланы балабақшаға орналастыру жайы өзектілігін жойған емес. Себебі, қоғамда әрбір бала дамуы үшін балабақша қажет деген пікір кең
таралған. Бүгінде Сарыағаш ауданында мектепке дейінгі 211 ұйым бар. Олардың 15-і мемлекеттік, 196-сы жекеменшік балабақша. Ондағы бала саны 22804. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың 92,8%-ын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды.
Онда 1-6 жастағы 22804 бала (5-6 жастағы 4104 бала мектепалды даярлықта) қамтылған. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды 100 % -ға жеткізу межеленген. Осыған орай, алдағы уақытта бірінші кезекте 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту шаралары қабылдануда.
3-6 жастағы балаларды (86 622) қамту – 98,9%;
2-6 жастағы балаларды (128 270) қамту -91,6% ды құрады. Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұған дейін жекеменшік балалабақшаларға бір балаға 25 582 теңге берілген болса, мемлекеттік балабақшаларға 33752 теңге берілген.
Жоғарыда аталған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс көлемі ауылдық жерде 45 348 теңгеге, қалалық жерде 41 197 теңгеге ұлғайтылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ.
Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады.
Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап).
Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.
Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстарын бастаймыз.
Аудандағы орта білім туралы айтар болса, Сарыағаш ауданының 87 орта білім беру ұйымында (77-мемлекеттік, 10-жекеменшік) 58 мыңнан аса оқушы бар (1- сыныпқа 5660).
Жаңа оқу жылынан бастап, үш ауысымда оқитын мектептер мен оқушы саны көп мектептерді қоспағанда мектептер бес күнге көшеді сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады. Аудандағы 78 мектеп 5-күндік, 9 мектеп (1 үш ауысымды, 8-оқушы саны көп) 6 күндік форматында оқытады.
Ағымдағы жылы оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілді.
Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне аудан мекептері 100% тегін қосылды.
Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде.
Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда.
Осыған орай, бөлімде білім беру ұйымдарындағы жағдай мен білім сапасын қадағалайтын және білім саласын цифрландыруды жүзеге асыратын ситуациялық орталық үлгісінде жұмыс жасалынады.
Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы қосымша жан басына шаққандағы қаржыландыруға өткен 10 мектептің 5-інде 8 кабинет панельмен жабдықталса 2 кабинет сатып алуға конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлектері ауыл балаларына «Өскенде кім боласың» тәлімгерлік жұмысын тегін жүргізіп, мектеп түлектерінің болашақ мамандық таңдауына үлесін тигізді.
Жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан, қалада орналасқан мемлекеттік колледждер базасын және оқытушылар әлеуетін пайдалана отырып, оқу өндірістік комбинаттар жұмысы жүргізіліп, кәсіптік білім саласын игерген оқушылардың үлесі артатын болады.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. (63,7%).
Өткен оқу жылында 11-сыныпты бітірген 3153 түлектің 154-і «Алтын белгі» иегері атанса, 214 оқушы «Үздік» аттестатпен бітірді.
Ендігі жылдан бастап мектептендің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлектерінің үлесімен бағаланады. Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысқан 2225 түлектің 756-сы мемлекеттік грант иегері атанды.
Сапалы білім беруде педагог кадрлардың біліктілігінің рөлі орасан екенін айтпаса да белгілі. «Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы әрдайымда басты назарда.
Сандарды сөйлетсек, бүгінгі күні ауданда 5615 педагог жұмыс істейді. Ауданда 22 тірек мектеп жұмыс жасайды. 22 тірек мектеп оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізуде.
Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Биыл ауданда 9 білім беру ұйымының басшылары ротацияланады.
Жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіру керек тұстары да бар. Бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Қамқоршылық кеңестері қайта құрылып, аттестациядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарының басшыларының жетістігін бағалайтын KPI қойылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің ауданынымызда ұстаздардың орташа жалақысы 378 мың теңге жетіп, жалақы 2 есеге өсті.
Келесі жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да 25 пайызға артады.
Айтуға тиіс жақсы жаңалық, Республикадан арнайы құжаттамалар жасалып, мектеп басшыларының жалақы қорын ұлғайту мәселесі қаралуда.
Ауданның бас педагогының берген мәліметінше, «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, 10-ға жуық іс-шара өткізілді.
Іс-шаралар шеңберінде өңірде «Балалардың құқығын қорғау жөнінідегі уәкіл бекітілді.
Ауданда бұл жауапкершілік Мусалиева Райханға жүктелді.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыс пен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша «Бес терек» жобасы іске асырылуда, «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары мен «Ата-аналар қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасауда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 2 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасауда, онда 401 оқушы, ал, мектептегі үйірмелерге 41 мыңға жуық оқушы қамтылып отыр. Бұл аудан оқушыларының 70,3% (40860) құрайды.
Қосымша біліммен қамту үлесі 2021 жылы – 55,6% болса, биылғы жылы 70,3%-ды құрады, жыл соңына дейін 76%-ға өсіру жоспарланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.