Ағымдағы жылғы 24 тамызда Ішкі істер мен оқу-ағарту министрліктерінің арасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен отырыста Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.М. Ахметжанов барлық орта білім беру мекемелерінде «Жалпы құқықтық білім беру сабағын» өткізуді тапсырған.
Осыған орай, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде Созақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Оралбаев Ербол 9-11 сыныптар арасында жалпы құқықтық білім беру сабағын өткізді. Құқықтық сабаққа мектеп – лицей директоры Г.Алимбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шарапов және мектеп оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып табылатыны», олардың мемлекеттің қорғауында екенін түсіндіріп, қазіргі таңда оқушыларымыз ең қабілетті, ең дарынды екендігіне тоқталып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.