Түркістан облысы: Түлкібас ауданында М.Әуезовтың 125 жылдығына орай оқушылар арасында аудандық деңгейде «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды

Абай атындағы мектеп-лицей базасында Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай 8-10-шы сынып оқушылары арасында аудандық «Мұхтар Әуезов – табиғат пен кейіпкерді байланыстырып суреттеудің хас шебері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Мақсаты: 8-10-шы сынып оқушылары арасында олардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар бере отырып, ұлы жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы әртүрлі жанрдағы (әңгіме, повест, драматургия (пьеса) салалары) еңбектеріне талдау жүргізу.

«Табиғатпен тілдескен Әуезов» атты айдарда жазушының белгілі әңгімелері талданды. «Кім кінәлі?» әңгімесіндегі табиғат пен адам үндестігін Абай атындағы мектеп-лицей, «Майлыкент» жалпы орта мектебі оқушылары баяндау желісімен талдаса, «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесіндегі әсерлі табиғат суретін А. Пушкин атындағы АТМЛ, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары анимациялық бейнелермен шебер талдау жүргізді. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесіндегі пейзаждың рөлін М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназия, «Жанкент» жалпы орта мектебі оқушылары сұрақ-жауап арқылы аша алды. «Барымта» әңгімесіндегі әсерлі табиғат суретін «Алғабас-1» ШЖЖОМ, А. Асқаров атындағы жалпы орта мектебі оқушылары композициялық талдауды «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы түсіндіріп берді. М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі табиғат суреттерін Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі оқушылары «ПОПС» формуласын тиімді пайдаланып, асқан шеберлікпен талдады. «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылықты «Дауан» жалпы орта мектебі, Т.Иманбеков атындағы жалпы орта мектебі оқушылары презентация мен кино үзінділерін негізге ала отырып, дәлелдеп берді.

Осындай танымдық керемет шығармаларымен сусындап өскен оқушылардың бойынан ұлт тағдырына деген ерекше көзқарасты аңғаруға болады.

Осы шараға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл сыйлап, жақсы әсер қалдырды.

Іс-шараны тамашалаған мұғалімдер барлық қатысқан оқушыларға өз алғыстарын білдірді.

«Әлем таныған Әуезов» тақырыбында өткізілген іс-шараның қорытындылау бөлімінде сөз алған Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г. Оразбаева дөңгелек үстелге белсене қатысқан оқушыларды түрлі номинациялармен марапатталатыны туралы және заңғар жазушының мерейтойына арналған осындай іс-шаралар өз жалғасын таба бермек деп сөзін қорытындылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.