ТҮЛКІБАС: «КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, А. Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп- лицейінде «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты — мектеп кітапханасының қорын заманауи басылымдармен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту, қарапайым және мейірімге толы азаматтардың балаларға көбірек кітап сыйлау арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

Аталған акция аясында мектеп кітапханасына өз кітаптарын сыйға тартуға «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қилыбаев Болат Қылышбекұлы, кітапхана қоры әдіскері Ремида Турғанбекқызы,аудандық полиция бөлімінің «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің» инспекторы Байжанысова Айнур Аликуловна, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» қазақ тілі оқытушысы Рауза Кайыпова, «Жастар ресурстық орталығынан» Полатқызы Айзада, «Книги Даны» интернет магазин өкілі Дана Амантайқызы қатысты.

Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра- кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Кеш соңында «Балалар өнер мектебінің» вокал үйірмесінің оқытушысы Өтебай Досымхан түлектерімен өз өнерлерін көрсетті.

Мектеп кітапханасының қызметкерлері Сулушаш Қожахметова, Лариса Василенко қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосып, қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.