ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түлкібас ауданына қарасты Абайыл ауылының жастары биылғы жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды. Заманауи білім ордасы 100 балаға шақталған.

ҚР Конституциясы күніне орайластырылған шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Құдиярұлы, аудан әкімі Нұрлан Байғұт, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және Абайтанушы, Бауыржантанушы филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы сынды бірқатар аға буын өкілдері қатысты.

Облысымыздың бас ұстазы жаңа білім ошағының ашылуымен түлкібастық тұрғындарды құттықтап, жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі!

Айта кетерлігі, Түлкібас ауданы, Абайыл ауылында пайдалануға берілген су жаңа мектеп Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Қасымбеков Нұрлыбай Тұңғышбайұлының атына берілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.