ТҮЛКІБАС: ҰЛТТЫҚ «РЕСПУБЛИКА» КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА БІЛІМДІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Республика күні — мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Айтулы күннің қарсаңында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен барлық білім беру ұйымдарында 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант жазу, 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе жазу байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге , өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Ad Widget

Recommended For You