ТҮРКІСТАН: ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГТАР ҮШІН ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМІН ТАППАҚ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен мырзамен кездесті. Бас қосуға Ы.Алтынсарин Ұлттық білім беру академиясының ғылыми қызметкері, Шолпан Шүйіншина мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті өкілінің орынбасары Буралхиева Разия Сламханқызы да қатысты.

Кездесуде Түркістан облысы оқушыларының аэроғарыш саласындағы қызығушылығымен аймақтағы шалғай мекендердегі әлсіз интернет желісі жайлы сөз қозғалды. Өз кезегінде ауыл округтегі қуаты аз интернеттің білім беру саласына да әсер ететіні жайлы айтылды. Жауапты мамандар ұсыныс-тілегін жеткізіп, олқылықтардың шешу жолдарын қарастырды.

Қонақтар аэроғарыш саласына қызығушылығы бар оқушыларға Байқоңыр ғарыш айлағында ғылыми тағылымдамадан өтіп, Астанадағы ұлттық ғарыш орталығына экскурсия жасауға мүмкіндік бере алатындарын алға тартты. Танымды кездесуде барлық тарап бір-бірін қолдап, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.