
— ОРЫНДАЛДЫ:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары мұғалімдерінің лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артып отыр.
— Мұғалімдерді ынталандыру үшін бірқатар қосымша шара қабылданып жатыр. Дәлірек айтқанда, аттестациядан өтіп, біліктілік санатын алған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді, ал оқытушыларға ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін де нақты жұмыс көлеміне қарамастан 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
— Орта білім беру ұйымының мұғалімдеріне тәлімгерлік қызметі үшін нақты оқу жүктемесіне қарамастан базалық лауазымдық жалақыға 100% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
— Білім беру ұйымдары педагогтеріне сабақтан тыс спорттық іс-шараларды өткізгені үшін нақты оқу жүктемесіне қарамастан базалық лауазымдық жалақыға қосымша 100% мөлшерінде төлем белгіленеді.