ТҮРКІСТАН: АРМАНЫ — «ҮСТЕЛ ТЕННИСІНІҢ» ҮЗДІГІ БОЛУ

Әбдәшім Гүлсая Нұржанқызы Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асық-ата кентінде дүниеге келген. Үстел теннисінің спорт шеберіне үміткер 16 жасар жас спортшы 2019 жылдың күз айында өткен ҚР чемпионатында ІІ орын иегері атанды. Ол облыстық чемпионаттарда абсолюттық жеңімпаз!

Гүлсая Әбдәшім Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектептің 11 сынып оқушысы. Үш жасында әріп танып, төрт жасында математика есептерін шығара бастаған алғыр бүлдіршін бүгінгі таңда ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген. Әсіресе, әдебиет, тарих пәндерін сүйіп оқиды. Ақындық қабілеті де жоқ емес. Оқуда озат, спорт саласында өте белсенді. Үздік аттестатқа үміткер.

«Әрбір спортшы жетістікке жетуі үшін оған мықты қолдау керек. Менің жетістікке жету жолымда демеу жасап жатқан ата-анама, бапкеріме және теннис жанашары, Жетісай аудандық үстел теннисі федерациясының басшысы Алихан Утанов мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін»,- дейді жас спортшы.

Гүлсаяның спорт саласында жүргеніне биыл 7 жыл толады. Осы жылдар ішінде ол биік шыңдарды бағындырып үлгерді. Бапкері Ержан Болатбекұлы Гүлсаяны 9-жасынан бастап, өзі жаттықтырып келеді.

Оның өмірдегі ең үлкен арманы, болашақта өзінің бапкері секілді, үстел теннисінен үйірме ашып, жас ұрпақтан әлем чемпиондарын дайындау. Үстел теннисінен Қазақ елін әлемге танытсам дейтін Гүлсая болашаққа сенімді әрі жарқын қадам жасауда.

Бос уакытында өлең жазады. Сонымен қоса, «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтатын дарындылық қабілеті де бар.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.