ТҮРКІСТАН: АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАДАН ӨТКЕН ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАНДА

Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарламаның іріктеуінен өткен ұстаздардың Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы басын қосты. Арнайы Түркістанға шақырып, қаланың көрікті жерлерін аралатып, дөңгелек үстел өткізді.

Жиын барысында жаңа оқу жылындағы жаңашылдық жайлы сөз қозғалды.

Арнайы бағдарламаға қатысуға мыңнан аса педагог ниет білдірген. Олардың арасында 240 ұстаз тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi іріктеуден сүрінбей өтті.

Түркістан облысына қоныс аударғандардың басым бөлігі Батыс Қазақстан мен Жамбыл облысы, Алматы облысы мен Орал, Шымкент қаласынан келген.

Еске салсақ, Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағытында «Түркістан облысының адами даму басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 қаулысымен бекітілген «Педагог кадрлар тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары пакеті бар үздік педагогтарды тарту қағидаларына» сәйкес бос педагог лауазымдарына конкурс жариялаған болатын.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.