АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІП, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 63 МЕКТЕПТІҢ САЛЫНАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарларымен, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдерімен кеңес өткізді. Күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының пилотын іске асыру мәселелері қаралды.

Министр өңір әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларының ақпаратын тыңдады.

Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдерімен жайлы мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, жобалық құжаттарын дайындау, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен, яғни электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кәріз, кіреберіс жолдар, жаңа мектептерге тротуарлар, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, аялдамалар және т.б. мәселелер қаралды.

Заңнамалық тұрғыда мектеп салу мәселесі әкімдіктердің құзырында. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері ауқымды жобаның жүзеге асырылуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.

«Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы бойынша кемінде 800 мың оқушы орнын пайдалануға беру және апатты, үшауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығы мәселелесін шешу жоспарланған.

Бұл ретте атап өтер жайт, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің (жобалық қуаттылығы – 57300 орын) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде: 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 16 мектеп, 900 орындық 17 мектеп, 1200 орындық 8 мектеп, 1500 орындық 5 мектеп, 2000 орындық 6 мектеп салынбақ. Қазіргі таңда 55 мектеп салынатын жер учаскесіне меншік құқығын беретін мемлекеттік актісі алынған, қалған жер телімдері бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2024 жылы жалпы 29 мектептің, 2025 жылы 34 мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Білім нысандарының құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы арқылы жүзеге асырылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.