ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу

«Педагогикалық менеджментті жетілдіру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында білім беру ұйымдары басшыларының панельдік секциясы өтті.

Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастықтарының өкілдері лицензия беруді қолдады

«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін бұл Тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды.

Қазақстандағы “100 үздік мектеп” тізіміне Түркістан облысының 11 білім ордасы енді.

Жыл үздіктері марапатталды.

Тамыз кеңесіне келген үздік ұстаздар Түркістан облысы әкімімен рухани астанадағы білім, ғылым және спорт саласындағы ғимараттарды аралап, облыс орталығына тәнті болды.

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудан/қаладағы білім бөлімдері жеке тамыз кеңесін өткізіп, ұстаздарға жыл қорытындысы мен жаңалықтарды құлағдар етті.

Қазақстанда ұстаздарға арналған «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.