ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

Loading

— Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай еске алу шарасы өтті. Облыстың бас ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ағартушы-ғалымның мерей тойы аудан/қала мектептерінде де ұлықталды.

— Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы білім бөлімі басшыларының қатысуымен аппарат жиналысын өткізді.

— Жалпы, Түркістан облысы бойынша мектептегі кітап сөресі миллионнан аса жаңа оқулықпен жаңарды.

— Колледжде оқу үшін грант алған қазақстандықтардың рекордтық саны 125 мың болды.

— Өңірде 9 IT мектеп, 70 IT сынып және 69 робототехника сыныптары қарқынды жұмыс істеуде.

— Басқарма басшысы бірқатар білім мекемелерін аралады. Мектептердің тыныс-тіршілігімен танысып, сынып бөлмелері мен жаңа спорт зал кешендерін көріп, зерттеу жұмыстарының жүргізілу тәртібінің куәсі болды.

— Тіл мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Әр мектепте пән мұғалімдері “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты ашық сабақтар өткізуде.

Ad Widget

Recommended For You