ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының өткен аптада атқарған жұмыстарына дайджест-шолу

— Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ұстаздар сайысына Түркістан облысының мұғалімдері де белсенділік танытуда

— «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы, Инклюзивті білім берудің жаңашылдықтары мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделін іске асыру барысы жайлы еліміздің бас ұстазының төреалығымен аппарат жиналысы өтті. Жиынға облысымыздың жауапты мамандары да қатысты.

— Оқырмандар назарына Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлының байланыс нөмері ұсынылды. Тұрғындар ашықтық негізде тікелей тілдесе алады.

— Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудан/қаладағы білім бөлімдерінің call-орталығы құрылды.

— Түркістандық оқушылар президенттік олимпиадада білім жарыстырды.

— Ұстаздар арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатынды облыста алғаш рет “Ұстаз барысы” жарысы ұйымдастырылмақ.

— Түркістан облысының білім беру ұйымдарында оқу-жаттығу жиыны өтті. Оқушыларға «Азаматтық қорғаныс» ұғымын, төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру түсіндірілді.

— Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен алғаш рет телевизиялық жоба “КҮЛТЕГІН” зияткерлік ойыны бастау алды. Білім додасына Түркістан облысының аудан/қаладағы үздіктері қатысып, өзара бақ сынасады.

— Облыстың бас ұстазының кезекті азаматтық қабылдауы өтті. 10-нан аса азамат мәселесін айтып, оның шешу жолдары қарастырылды

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.