ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының осы аптада атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

?Үздік педагог” республикалық байқауына қатысуға Түркістан облысының 183 ұстазы өтініш білдірген.

 

? Румыния елінде өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем чемпионатына еліміздің құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмас Оңдасынұлы еліміздің мерейін үстем етті.

? Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудан/қаладағы білім беру ұйымдарында “Қарты бар үйдің — қазынасы бар” тақырыбы негізінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

? Республикалық «БАЛА ДАУЫСЫ-2022» ұлттық ән байқауында төлебилік шәкіртіміз ІІІ орын иегері атанды!

? Түркістандық ұстаз президент қолынан “Шапағат” медалін алды.

? Ұстаздар алғаш рет боз кілемде белдесті.

Ұстаз барысы” турнирі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

? Түркістан облысында білім сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді ауқымды жоба басталды. “Edcrunch academy” және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қолдауымен стратегиялық сессия өтті.

? Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің білім беру ұйымдарының және облыстық білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына конкурс жариялады.

? «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.

? Дәстүрлі азаматтық қабылдау. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселесін шешу тетіктерін қарастырды.

? Түркістан қаласында «Е-АСХАНА» жүйесі іске қосылмақ. Пилоттық жоба №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейінде жүргізіледі.

? Түркістан облысында “ Жайлы мектеп” ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп бой көтермек.

? Облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлы ұлағатты ұстаздардың басын қосты. TED X форматта өткен жиында білім алу жүйесіндегі мәселелер талқыланып, білім сапасын арттырудағы жоспарлармен бөлісті.

? Басқарма басшысы белсенді ұстаздарды марапаттады. “Ұстаздар” мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі!

? Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының кезекті аппарат жиналысы өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.