ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына шолу

Loading

— Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының өкілдері мен жекеменшік балабақшалардың иелері балабақшаларға лицензия беруді енгізуді қолдады.

— Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды. Аудан/қаладағы білім бөлімдерінің басшылары білім ошақтарын аралады.

— «Тамыз кеңесі-2022″ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты білім бөлімдерінде әр ауданда панелдік мәжіліс өткізді.

— Мектеп формасына қатысты басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы брифинг өткізді.

— Еліміздің өңірлерінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі енгізіліп жатыр.

— Педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтті. “Білімді ұлт: Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” негізінде өткен жиынға еліміздің 500 мыңға жуық ұстаздары қатысты.

— “Мектепке жол” акциясы аясында жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының басым бөлігінде мектеп жәрмеңкесі өтті.

Ad Widget

Recommended For You