ТҮРКІСТАН: Ағымдағы жылдың 10-11 қараша күндері Ақтау қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық “Әбіш оқулары” байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқау мақсаты — мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту. Сондай-ақ, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары қалыптастыру.

Байқауға Түркістан облысынан 4 бағыт бойынша 8 оқушы қатысып, барлығы жеңіспен оралды.

“Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша:

Келес ауданы, №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Жолдасбек Айтжан -жүлделі II орын;

Ә.Кекілбаев шығармаларын (проза, поэзиясынан ) мәнерлеп оқу бойынша:

Отырар ауданы, Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейі, 10 сынып оқушысы Дербіс Ұлназ -жүлделі III орын;

Ә.Кекілбаевтың шығармаларын зерделеу жобасы бойынша: Сарыағаш ауданының Дарын №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, 9 сынып оқушысы Ибрагим Мирас — жүлделі III орын;

Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бойынша:

Мақтаарал ауданы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің 5 оқушысынан құралған командасы -жүлделі II орын

Қожақұл Бекзат, 10-сынып оқушысы;

Куринбаев Саят, 8-сынып оқушысы;

Қарсыбаев Оңалсын, 11-сынып оқушысы;

Жантөреев Жандос, 9-сынып оқушысы;

Алтыбаева Ақбота, 10-сынып оқушысы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.