ТҮРКІСТАН: БАЛА БАҚЫТЫ БӘРІНЕН БИІК

2022 жылғы 6 қазанда Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде «БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА» арналған іс-шара өткізілді.

Іс -шараға 2002 жылы, яғни 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері 1985-1986 жылдары туылған ауыл азаматтары «Ұстаздар мерекесі» қарсаңында мектептегі спорт үйірмесінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 500000 (бес жүз мың) теңге көлемін құрайтын спорттық құрал жабдықтарын, атап айтқанда күреске арналған боз кілем (борцовский ковер), дзюдоға арналған татами және спорт құралдарын сыйға тартты.

Іс-шарада мектептің күрес үйірмесінің қатысушылары өнер көрсетті. Ән шырқалып, би биленді. Қатысушылар ризашылықпен тарқасты. Балалар- мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.