
Болашағын бүгіннен бастаған қаламыздың ең көңілді жастары бас қосқан «Жайдарман» (көңілді тапқырлар алаңы)-бүгінде жастар арасында жедел дамып келеді. Сахна мәдениеті мен шеберлігі,ән мен би,сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы,мимика сияқты өнер атаулары шығармашылық жастардың шеберліктерін жетілдіре түскенін көрсетеді.
Осы орайда, Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі»ММ-сі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және «25-қазан Республика күніне»орай, «Балғын балалық шақ» атты мектеп оқушылары арасында жайдарман ойыны өткізілді. Бұл жастардың дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмiрде өз орнын дұрыс таба бiлуге баулиды. Ал сайыстың негiзгi мақсаты — жастар арасында шығармашылық белсендiлiктi арттыру болып табылады. Сайысқа бас редактор «№1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ-нің музыка пәнінің мұғалімі жастар жанашыры
Ибрашев Батырхан тізбегіне алса, ал төрешілік еткен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекова, «Миллион» командасының бас админстраторы Н.Әбдәлі, Шымкент қаласы «Фаворит» жайдарман тобының капитаны Н.Елғон қазылық етті.
Аталған жайдарман ойындарына Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Made in Zhangeldin», «С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің «Туса», «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Сейфуллин тапқырлары», «М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Байырқұм жастары», «№1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп-интернаты»КММ-нің «№1-мектеп құрамасы» және «Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Қызық жігіттер» командалары қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, «25-қазан Республика күніне» орай, «Балғын балалық шақ» атты жайдарман ойындарының жоғары деңгейде өтуіне және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы жастардың шеберлігін шыңдауға қосқан үлестері үшін Б.Ибрашев, Н.Әбдәлі, Н.Елғон және де
оймақтай ойымен, ұтымды әзілімен, сүбелі сөзімен жайдарман нәтижесінде:
I орын иегері: «Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Қызық жігіттер» командасы;
II орын-«№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Made in Zhangeldin» командасы;
III орын-«С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Сейфуллин тапқырлары» командасы иеленсе, ерекше көзге түсіп, «Ең үздік ойыншы» номинациясымен
«Туса» командасының ойыншысы Абдулла Диас иеленіп, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың алғыс хатымен марапатталып,арнайы жеңімпаз командаларға сыйлықтар үлестірілді.
