
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ұлттық Республика күні қарсаңында “Отаным жүрегімде” атты байқау жариялайды.
Конкурсқа қатысу ережесі қарапайым: алдымен, “Отан”, “Жер ана”, “Туған жер” тақырыптарында өзіңіз мәнерлеп өлең оқыған бейне роликті Facebook парақшаңызға жарияламас бұрын, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ресми парақшасын тектеп, #ОтанымЖүрегімде хештегін белгілейсіз. Одан соң, толық аты-жөніңіз бен тұрғылықты жеріңізді жазып, байқауға қатысатыныңыз жайлы ескертіп, жүктеу батырмасын басасыз.
Байқауға қатысу үшін қазан айының 18 жұлдызынан бастап, 25 жұлдызына дейін өтінім жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Ал қазан айының 26 жұлдызында байқау жеңімпаздары, анықталып, ресми түрде жарияланады!
Ескерте кетейік, конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен тәлім алушылары қатыса алады.
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! Патриоттық өлең оқып, отанға деген сүйіспеншілікті арттырыңыз!!!