ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы кеше Бәйдібек ауданына арнайы іс-сапармен барып, бірқатар білім ордаларын аралады.

Сапар барысында адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейі», «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ ұстаздарымен кездесіп, аталған мектептердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сынып бөлмелері мен жаңа спорт зал кешенін, робототехника оқу дәрісханасында оқушылардың жаңа жобаларымен танысып, зерттеу жұмыстарының жүргізілу тәртібінің куәсі болды.

Сондай-ақ, мектеп ұстаздарымен сұхбаттасып, білім беру процесінің қыр-сыры жайында ой бөлісті.

Облысымыздың бас ұстазы Дінислам Болатханұлы, білім мекемелеріндегі ұстаздардың әдістемелік құзыреттерін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуға жасалған арнайы дәрісханаларын ерекше атап өтті.

«Мұғалім тұрақты түрде өзінің біліктілігін, құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сол кезде оның айналасындағы балалардың үйренері мол болады. Мұғалім шын мәнінде шебер болса, оның абырой-беделі де жоғары болады»,- деді басқарма басшысы. Кездесу соңында Дінислам Болатханұлы биылғы оқу жылында ұстаздарға толағай табыстар тілеп, «Тілек кітабына» өз қолтаңбасын қалдырды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I blog frequently and I seriously appreciate your content.
    This article has really peaked my interest. I’m going to bookmark your website and keep checking for new information about once a week.

    I opted in for your Feed as well.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.