ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ САУРАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Сауран ауданындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектебіне барды.

1965 жылы салынған білім ұясының ішкі-сыртқы құрылымымен танысып қайтты.

Және де басқарма басшысымен мектептің жағдайын көруге Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков те келді.

1 қабаттан тұратын білім ошағындағы ұстаздармен тілдесіп, мәселелерін тыңдады.

Өз тарапынан ұстаздар қауымы салынғанына 57 жыл болған мектепті жаңартып беруді сұрады. Мұғалімдердің өтініш-тілегін тыңдаған облыстың бас ұстазы 300 орындықты жаңа мектеп салынатынын алға тартты.

Айта кетейік, Сұлтанбек Қожанов атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектебінде 200-ден аса оқушысы білім алады. Оларға 40-тан аса педагог дәріс береді.

Сондай-ақ, оқу ордасында 2021-2022 жылы Ұлттық біріңғай тестілеуге 16 оқушысы барып, тең жартысы мемлекеттік грантка ие болған.

Ad Widget

Recommended For You