ТҮРКІСТАН: БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ…

Бокстан 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында 2022 жылдың 16-21 қыркүйек күндері Түркістан облысы, Сайрам ауданында тартысты өткен Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Жалпы аталған жарысқа қаламыздан 5 боксшы қатысып, бақтарын сынады. Шаршы алаңға шыққан талантты Кентау қаласының боксшылары алғашқы күннен бастап бас жүлдеге үмітті болды.

Шаршы алаңда 80 келіде сынға түскен Кентау спорт клубының үздік спортшысы Абдрешов Алидар І орынды иеленіп жарыстың алтын медаль иегері атанды. Бұдан басқа 70 келі салмақта Төлепберген Шыңғысхан ІІІ орынды алып, үздік үштіктер қатарынан көрінді.

Нәтижелі өнер көрсеткен спортшыларымызды, Кентау спорт клубының директоры Совет Бағдаулетті және жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтап, ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысы Шу қаласында өтетін ҚР аймақтық чемпионатына жолдама алған Абдрешов Алидарға сәттілік тілеп, қаламыздың атын асқақтатар жеңіске жететініне сенім білдіреміз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.