![]()
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі парақшасына балаларды тегін шығармашылық үйірмелелермен қамту жөніндегі сауалға төмендегідей мәлімдейміз:
Мемлекет басшысының балаларды тегін шығармашылық үйірмелелермен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 1 мамырынан бастап шығармашылық үйірмелер бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді. Одан әрі artsport.edu.kz платформасы іске қосылып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жалғасын тауып келеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2021 жылғы 16 наурыздағы хаттамалық тапсырмасы бойынша, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге 2022 жылға 484 291,0 мың теңге (2021 жылғы маусым-желтоқсан айларына 284 521,5 мың теңге) қаржы бөлініп, бүгінгі таңда толықтай игерілді. Нәтижесінде 145 шығармашылық үйірме ашылып, 7487 бала 43 шығармашылық үйірме түрімен шұғылдануға мүмкіндік алды.
Басқарма тарапынан artsport.edu.kz платформасы арқылы жыл соңына дейін жұмыс жасап тұрған үйірмелерді қаржыландыру үшін, керекті қаржы 302 млн. теңге 2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихат сессиясына ұсынылып, қолдау таппады. Қазіргі таңда Түркістан облыстық экономикалық тергеу департаменті және Түркістан облысының прокуратурасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар аяқталып, нақты бала саны анықталған соң керекті қаржы 2023 жылғы бюджетті қалыптастыру кезінде ұсынылатын болады
