
Басқарма басшысы Төлебиге жасаған жұмыс сапары барысында Қостөбе ауылының тұрғындарымен тілдесті.
Басты қаузалған тақырып — “Қостөбе” шағын жинақты орта мектебінің бүгіні мен болашағы.
Ауыл ақсақалдары “Апатты” деп танылған білім ошағының орнына жаңа мектеп салу мәселесін көтерді. Өз кезегінде Облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасы Дінислам Болатханұлы тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, басты назарға алатынын алға тартты.
Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мәселені дер кезінде шешіп, немерелерінің оқу үлгеріміне кері әсер еткізбей көршілес мектепке уақытша ауыстырып, мектепке қатынауға автобустарды қамтамасыз еткені үшін басқарма басшысына алғысын айтып, жұмысына сәттілік тіледі!
