![]()
Бүгін, Түркістан қаласы «Жоғары медицина» колледжінде жас кәсіпкерлерге арналған жобалар аясында жастарға бағыт бағдар беру мақсатында кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облыстық Кәсіпкерлік Палатасы » Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімі» басшысы Ыдырыс Әзрет Талғатұлы қатысты.
Кездесуде-жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекет елдің жас азаматтарын кәсіпкерлік қызметке тартуға әрекет жасайды, бұл, жалпы, барлығына да ‒ қоғамға да, азаматтарға да, мемлекеттің өзіне де тиімді. Екінші жағынан, басқа жас категорияларының арасында кәсіпкерлік, объективті себептерге байланысты, жаңалыққа жат емес, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жастардың рухына жақынырақ келеді, бұл дамыған елдерде жеткілікті түрде табысты пайдаланылып, белсенді ынталандырылады.
Жастар өздерінің еңбек қабілеттерін лайықты бағалай ала алмайтын бола тұра, еңбек нарығындағы жарамдылықтарын жиі асыра бағалайды.
Көптеген зерттеушілер жастар жұмысқа қабылдау кезінде жас ерекшелігі бойынша ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін атап өтті.
Ал кәсіпкерлікте жастық кезең, керісінше, салада табысты ілгерілеуге ықпал ететін фактор болып табылады деп сөз қорытындылады.
