ТҮРКІСТАН: «ЖАС САРБАЗ» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдарының төрағалары мен білім саласының мамандарымен бірге оқу-әдістемелік жиын өтті.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастырумен 2022 жылғы қараша айының 8 мен 10 күндері Астана қаласында «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын орындау мақсатында «ЖАС САРБАЗ» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдарының төрағалары мен білім саласының мамандарымен бірге оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынға Түркістан облысынан «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери- патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филалының төрағасы Қонысбеков Роллан Төреханұлы және «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің спорт бөлімінің педагог-ұйымдастырушысы Әбішов Оразгелді қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, «ЖАС САРБАЗ» қозғалысының құрылтайшысы — генерал-лейтенант М.Қ.Таласовпен бірге кездесу ұйымдастырылып, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант С.Б Қамалетдиновтың төрағалығымен 2022 жылғы «ЖАС САРБАЗ» қозғалысының 2022 жылғы қызметінің қортындысы және 2023 жылға арналған жоспарларыды бекітті. Жиын соңында «ЖАС САРБАЗ» Республикалық әскери-патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарының гала-концертімен жалғасты. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.