ТҮРКІСТАН: ЖЕРЛЕСІМІЗ АСЫҚ АТУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жуырда Румыния елінде өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем чемпионатына еліміздің құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмас Оңласынұлы еліміздің мерейін үстем етті.

Аталған байрақты додада асық атудан да, бес асықтан да Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Алмас Қарабаев ұлттық құрама командасының капитаны ретінде бүгінге дейін келесідей жетістіктерге қол жеткізген.

✅ҚР кубогының 2015, 2018, 2019 жылдардағы чемпионы, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2016, 2018, 2019, 2020, 2022 жж.);

✅2017 жылы Ақтөбе қаласындағы өткен VI Ақбидай ойындарының күміс жүлдегері;

✅2018 жылы Ақтау қаласында VI Халық ойындарының чемпионы;

✅2018 жылы Қырғызстан Республикасында өткен көшпенділер ойындарының қола жүлдегері;

✅2019 жылы ҚР ұлттық спорт түрлерінен V фестивалінің чемпионы;

✅2022 жылы Румыния елінде өткен Әлем кубогының жеңімпазы.

Бүгінде Қарабаев Алмас Оңласынұлының шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары, Түркістан облысының құрама командасының мүшелері.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.