ТҮРКІСТАН: Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялар байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-нің ұйымдастыруымен онлайн форматта жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялар байқауы 2022 жылғы қараша айының 1 мен 3 күндері өтті. Іс- шараның мақсаты білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ- нің директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының жетекішілігімен Бәйдібек ауданы, М. Әуезов атындағы ІТ- мектеп лицейінің оқушысы Досалы Дінмұхаммед «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласында техникалық құрастыру» бағыты бойынша І орынды иеленді. Жоба жетекшісі Молдашова Майра. Жеңіс құтты болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.