ТҮРКІСТАН: «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын кіріктіру арқылы сапалы білім беру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинары

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын кіріктіру арқылы сапалы білім беру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.

Жетекші мектептің қызметі — дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағыт беру, кәсіби дамуға ықпал ету, серіктес мектептерге қолдау көрсету. Басты ұстанатын қағида білім сапасын жақсарту, өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді жұмыс жүргізу, шаралар жоспарлау, үнемі ізденісте болу, кәсіби дамуға ерекше көңіл аудару.

Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері ашық сабақтар барысында Wordwall, Plickers, quizizz және joyteka білім платформаларын пайдаланып, ерекше сабақ өтті. Оқушылардың АКТ сауаттылығы жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.