ТҮРКІСТАН: Жаңа 2022 оқу жылында балалардың мектепке дайындығы жөнінде

2022 жылға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтардың 52 мыңнан астам балаларына мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен облыстық бюджеттен 1, 9 млн. теңге қаржы қаражат бөлінді.

Аталған қаржы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, және білім ұйымының алқалы органымен шешім қабылданған өзге де санаттағы білім алушылардың 48 303 баланың ата-аналарының есепшоттарына аударылды.

Облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 37 389 теңге белгіленді.

Оған қоса, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, демеушілер тарапынан мұқтаж отбасылардың 4723 балаларына киім-кешектер мен мектеп жиынтықтары алып берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс 1 тамыздан басталып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазіргі таңда, білім беру ұйымдарында, басқармада азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «жедел желілер» үздіксіз қызмет етуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.