ТҮРКІСТАН: «КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» АЙЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап қорын жинақтап, заманауи басылымдармен толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты айлық акциясы жалғасуда.

«Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге оралады» деген мектеп директоры Жанат Әуелтайұлы аталған акцияға қатысып, қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының «Баукеңнің шарапаттары» қанатты сөздері туралы ой-толғау кітабын сыйлады.

Акцияға жалпы, білім саласының қызметкерлерін, мектеп түлектері мен ата-аналарды кітап сыйлауға шақырамыз.

2000 жылдан бастап жарық көрген, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, көркем және балалар әдебиеті тақырыбындағы заманауи әдебиеттер қабылданады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.